Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Астана» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7 (72637)4000
+77766034646
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
05
сентябрь
2022

2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

                                                                                                                                Бекітемін
                                                                                                                       «Астана» бөбекжай-бақшасының  
                                                                                                                       меңгерушісі  Л.Джарылкапова                                                                                                                                                                     
                                                                                                                                             ________________
                                    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
                                 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 
                                             2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған 
                                                             іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы:«Астана» бөбекжай-бақшасы
Топ/сынып: ортаңғы  топ
Балалардың жасы: 3 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі:   2022-2023 оқу жылы
АйыҰйымдастырылған
іс-әрекет
Міндеттері
 ҚыркүйекДене шынықтыруЖүру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бір-бірден, екеуден (жұппен) жүру;
Жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден, алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру;
Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу;
Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша);
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
-дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу.
Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.
Тілдің грамматикалық құрылымы 
-сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру.
Байланыстырып сөйлеу:
-суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу.
Көркем әдебиетКітаптарға қызығушылықты ояту. Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.
Қазақ тіліТілдік дамытушы орта. Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.
Математика негіздеріСан
«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыруБала, оның отбасы, үйі
«Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге, әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету, өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту.  Балаларды отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға, отбасы мүшелерін, олардың іс-әрекеттерін атауға, өзінің отбасы, отбасылық қарымқатынас туралы әңгімелеп беруге, жақындарына қамқорлық танытуға баулу. Дербестікті қалыптастыру: киіну, жуыну, тісін тазалау.
ҚұрастыруБалалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру. 
Сурет салуКөлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу;
Бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.
МүсіндеуСазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу.
ЖапсыруБалалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру.
МузыкаМузыка тыңдау:
Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдауға, музыканың сипатын түсінуге, музыкалық шығарманың неше бөлімнен тұратынын білуге және ажыратуға үйрету.
Ән айту:
Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Музыкалық – ырғақтық қимылдар :  
Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету.
Билер:
Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптармен соның ішінде сыбызғы аспабымен таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
       іс-әрекет
                                       Міндеттері
Қазан Дене шынықтыруЖүру.әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру.
Жүгіру:белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру, белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру.
Еңбектеу, өрмелеу:еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр).
Сапқа тұру, қайта сапқа тұру:Саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту.
Сөздік қор.
сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану.
Байланыстырып сөйлеу:
Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге,  өз ойын айтуға үйрету.  
Көркем әдебиетКітаптарға қызығушылықты ояту.
Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге үйрету.
Қазақ тіліСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту.  Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
Математика негіздеріҚоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беру.
Қоршаған ортамен таныстыруЗаттық әлем. Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру. Заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру.     Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
ҚұрастыруҚұрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету.
Сурет салуӘр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу;
Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету.
МүсіндеуСазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азықтүлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету
ЖапсыруҚағаз бетінде көлемі, 41 түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отыра білу.
МузыкаМузыка тыңдау :
Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну.
Ән айту:
ре (ми) — ля (си) диапазонында орындау .
Музыкалық – ырғақтық 
қимылдар :     
Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау.
Билер:
Кезек-кезек екі аяқпен қимылдау.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптармен: металлафон  сондай-ақ олардың дыбысталуымен  таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
       іс-әрекет
                                       Міндеттері
                                Қараша Дене шынықтыруЖүру. Қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру;
Жүгіру: қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру;
Еңбектеу, өрмелеу:көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу;
Домалату, лақтыру, қағып алу. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық аппаратты дамыту
 Сөздік қор.
Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы 
Зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
Байланыстырып сөйлеу:
Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.
Көркем әдебиетЖаңа ертегілердің олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Қазақ тіліСөздік қор. Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде  қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.
Математика негіздеріЗаттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, «Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру.
Қоршаған ортамен таныстыруКөлік, байланыс құралдары.  Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.
ҚұрастыруБұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.
Сурет салуСурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету.
МүсіндеуКесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).
ЖапсыруОйдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыру.
МузыкаМузыка тыңдау :
Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауғажәне білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету.
Ән айту:
барлығымен бір қарқында әнді таза айтуға үйрету.
Музыкалық – ырғақтық 
қимылдар :     
Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру.
Билер:
Бір аяқпен секіру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптармен барабанмен  сондай-ақ олардың дыбысталуымен  таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
       іс-әрекет
                                       Міндеттері
                                                        Желтоқсан Дене шынықтыруЖүру. еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу;
Еңбектеу, өрмелеу:саты бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр);
Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау;
Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық);
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту.
Сөздік қор.Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы 
қадамы  ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру.
Байланыстырып сөйлеу.Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
Көркем әдебиетБалалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау. 
Қазақ тіліСөздік қор:Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын     туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас»), тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Математика негіздеріШама.
Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру.
Қоршаған ортамен таныстыруЕңбекке баулу. Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.  Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң 
ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу. Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.
ҚұрастыруҚұрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу.
Сурет салуҚылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды, бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету.
МүсіндеуБірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
ЖапсыруЖелімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.
МузыкаМузыка тыңдау :
Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру.
Ән айту:
сөздерді анық айту үйрету.
Музыкалық – ырғақтық
 қимылдар :  
Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау.
Билер:
Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден қимылдау.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптармен маракас  сондай-ақ олардың дыбысталуымен  таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
       іс әрекет
                                       Міндеттері
            ҚаңтарДене шынықтыруДомалату, лақтыру, қағып алу. төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан)
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар: 
қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен).
Кеудеге арналған жаттығулар: 
допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу.
Аяққа арналған жаттығулар: 
аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою.
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық аппаратты дамыту
 Сөздік қор.
Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы 
Зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
Байланыстырып сөйлеу:
Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.
Көркем әдебиетОқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау.
Қазақ тіліСөздік қор:Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды  жаттауға баулу.
Математика негіздеріӨлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру. Биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
Қоршаған ортамен таныстыруАдамгершілік және патриоттық тәрбие. Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру. 
ҚұрастыруҚұрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.  
Сурет салуБірзаттыңнемесекомпозицияларжасауғаүйрету,
МүсіндеуМүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.
ЖапсыруҚазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру.
МузыкаМузыка тыңдау :
Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу.
Ән айту:
Әннің сипатын жеткізу көңілді, созып, ойнақы айту.
Музыкалық – ырғақтық
 қимылдар :  
Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады.
Билер:
Жұппен ырғақты қимылдар орындау.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптармен сылдырмақ сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
       іс-әрекет
                                    Міндеттері
    АқпанДене шынықтыруДомалату, лақтыру, қағып алу. допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр)
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан жоғары көтеру.
солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта).
Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату.
биік емес төбеден сырғанау.
Аяққа арналған жаттығулар: қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру;
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
-дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу.
Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.
Тілдің грамматикалық құрылымы 
-сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру.
Байланыстырып сөйлеу:
-суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу.
Көркем әдебиетБалаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.
Қазақ тіліТілдің грамматикалық құрылымы.  Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы  етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).
Математика негіздеріБалаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру.Салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
Қоршаған ортамен таныстыруМенің Отаным – Қазақстан.     Балалар тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Балалардың жалпы қабылданған ережелер мен нормаларды меңгеруіне ықпал ету. Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп  сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету). Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету. Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. 
ҚұрастыруҰжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.
Сурет салуТұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.
МүсіндеуҚазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру.
ЖапсыруҰнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру.
МузыкаМузыка тыңдау :
Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету.
Ән айту:
Аспаптың сүйемелдеуіне қосылу.
Музыкалық – ырғақтық
 қимылдар :  
Қазақ халқының би өнерімен таныстыру.
Билер:
Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптарымен қоңырау сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
       іс-әрекет
                                       Міндеттері
                                   НаурызДене шынықтыруДомалату, лақтыру, қағып алу. лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір-біріне, Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар: заттардың арасымен, қақпаға домалату.
Кеудеге арналған жаттығулар:аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше;
Аяққа арналған жаттығулар: отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау, таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру.
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық аппаратты дамыту
 Сөздік қор.
Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы 
Зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
Байланыстырып сөйлеу:
Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.
Көркем әдебиетЕресектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.
Қазақ тіліТілдің грамматикалық құрылымы.Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.
Математика негіздеріГеометриялық фигуралар.  Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
Қоршаған ортамен таныстыруӨсімдіктер әлемі. Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.
ҚұрастыруҚұрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану.
Сурет салуҚазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу.
МүсіндеуЖеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.
ЖапсыруЗаттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту.
МузыкаМузыка тыңдау :
Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы  ақырын-қатты байқауға үйрету.
Ән айту:
Ересектердің дауысына ілесе отырып, орындау.
Музыкалық – ырғақтық
 қимылдар :  
Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау.
Билер:
Аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптармен домбыра сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
       іс-әрекет
                                       Міндеттері
СәуірДене шынықтыруҚол және иық белдеуіне арналған жаттығулар: қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау.
Кеудеге арналған жаттығулар: иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан-жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта).
Қимылды ойындар 
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге, кеңістікті бағдарлауға, «жүгір», «ұста», «тұр» белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. 
Қимылды ойындарды ойнату.
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу.
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту.
Сөздік қор.Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы 
қадамы  ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру.
Байланыстырып сөйлеу.Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
Көркем әдебиетҚазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру.
Қазақ тіліБайланыстырып сөйлеу. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.
Математика негіздеріКеңістікті бағдарлау. Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.
Қоршаған ортамен таныстыруЖануарлар әлемі. Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.  
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.  Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.
ҚұрастыруІрі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.
Сурет салуҚұмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
МүсіндеуМүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу. 
ЖапсыруЖапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану. Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.
МузыкаМузыка тыңдау : Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы  қарқыны жылдам-баяу байқауға үйрету.
Ән айту:
Оларменбіргеәнайту.
Музыкалық – ырғақтық 
қимылдар :     
Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына ерік беру.
Билер:
Қазақ халқының би өнерімен таныстыру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларды музыкалық аспаптармен қобыз сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
АйыҰйымдастырылған
      іс-әрекет
                                       Міндеттері
                     МамырДене шынықтыруДенсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен шапшаңдықты дамыту.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар: қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.
Кеудеге арналған жаттығулар: аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан қалыпта).
Құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарым-қатынас жасауға баулу.
Сөйлеуді дамытуСөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту.
Сөздік қор.
сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану.
Байланыстырып сөйлеу:
Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге,  өз ойын айтуға үйрету.  
Көркем әдебиетБалаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Қазақ тіліБайланыстырып сөйлеу.Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.
Математика негіздеріУақытты бағдарлау.   Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.
Қоршаған ортамен таныстыруТабиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу,  қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау), топта (терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау), серуенде (отпен ойнамау, жолға шықпау) ойын алаңында және құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
ҚұрастыруОйнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
Сурет салуСурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
МүсіндеуМүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.
ЖапсыруГеометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау. Жапсырубарысындақауіпсіздіктехникасыережелерінсақтауға, ұқыптыболуға баулу.
МузыкаМузыка тыңдау :
Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы  мұңды, көңілді байқауға үйрету.
Ән айту:
Әнді бірге бастап, бірге аяқтау.
Музыкалық – ырғақтық
 қимылдар :  
Таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру.
Билер:
Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив