Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Астана» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7 (72637)4000
+77766034646
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕ М.МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ»
11
ноябрь
2020

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕ М.МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ»

«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕ М.МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ»

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы болса, екінші бесік – мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдерін қалыптастырудың қайнар көзі - мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат. Мектепке дейінгі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. 

«Жас бала – жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыруда жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.  

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде  М.Монтессори педагогикасын пайдалану, инновациялық әдістерді қолдану заман талабы.  

   М.Монтессори педагогикасының  негізгі бағыты - баланың іс-әрекетіне 

еркіндік беру, таңдауына, қызығушылығына және пікіріне құрметпен қарау, баланың өздігінен дамуын бақылау.

М.Монтессори әдістемесінің ұраны: «Менің өзім жасауыма көмектес!». Демек, М.Монтессори әдістемесін балабақшада пайдаланудың тиімділігі – бала өзінің даму ортасында еркін, өзіндік пікірін айта алатын тұлғаны қалыптастыру.                          

М.Монтессори әдісінің мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру ұсақ қол моторикасын дамыту.  Бүгінгі таңда  М.Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу, баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен тапсырма уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқыту үрдісінде М.Монтессори жүйесін қолданудың өзіндік  ерекшеліктер бар. Сондай-ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. 

           М.Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. 

 М.Монтессоридің әдістемесі мен құралдарының  балабақшада маңыздылығы - балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабылдау  мүмкіндіктеріне  қарай   пайдалануға болады. 

Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық   технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Жамбыл облысы әкімдігі   білім басқармасының бұйрығымен 2013-2014 оқу жылынан бастап  Байзақ ауданының «Астана»  балабақшасы    эксперименттік алаң  ретінде таңдалынып алынды. 

«Балабақша жағдайында инновацияларды енгізуді  ұйымдастыру-педагогикалық шарттары»

            Эксперименттік алаң жұмысын  жүргізудің негізгі мақсаты: Балабақша жағдайында инновациялық  бағыттағы   жұмыстарды ұйымдастыру,  жаңа бағдарламалар әзірлеу, оқу-әдістемелік кешендер жасау, озық іс-тәжірибелерді насихаттау.

Балабақшада біз Монтессори материалын төрт түрлі жолмен пайдаланамыз: Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар бастапқыда бала қозғалыс жасау үстінде жүреді. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлық жүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үйлеседі. Моторлық даму жеке-дара қозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді. Оған қозғалыс жасау үшін түрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді. Бір сызықтың бойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді. Басқа да топтық жаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысалы, рөлдік ойындар бір-бірін сыйлауға үйретеді. 

    Сезім мүшесін дамытатын материалдар: әр сезім мүшелерін дамытуды
 ұсынады. Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін,
 дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады.
 Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды
 қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау, дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады.
 Бірақ жұмыс кезінде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын
 толығымен таныс болу керек. Мұнда жұмыс барысында балаға сөз
 беріледі. Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір рет көрсетіліп, бекітіледі. 

     Сондай-ақ, біздің тәжірибеде математикалық материалдар ойлау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Бала ең алғашқыда көптеген заттар мен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді. Монтессори материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді. Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді. Сан және онға дейін санау жүйесін тез игереді. Математикалық Монтессори материалы баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру жолдарын іздеуге тырысады. Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды. Мысалы: ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен пішін туралы түсініктері пайда болады.

            Сөздік қорын дамыту материалдары қарым-қатынас жасау үшін адамның сөздік қоры ең басты роль атқарады. Бала туғаннан өсе келе
 қоршаған ортадағы адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге
 тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық даму кезеңі  болғандықтан, түрлі ойындар, әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетімен сөйлеу қабілеті күрт дамиды. Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер ата-аналар болып келеді. Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200-ден астам сөздерді меңгереді, ал 5 жастағы бала 3000-нан астам сөздерді
 игереді. Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей жатқан қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін
 Монтессоридің ойындары мен түрлі жаттығуларын қолданамыз.   

         Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек. Жаттығудың шарты түсінікті болу керек.
 Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді. Жаттығулардың негізгі мақсаты: баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. 

Сондықтан да біздің тәжірибемізде қолданылып жүрген Монтессори әдістемесі балалардың  заттық ортасын құрып, өмірді таныту жолының негізі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді. Жалпы Монтессори әдісі   баланың ішкі дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді. Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда Монтессори әдісін жүйелі түрде қолданудың маңызы зор. Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық, дене, адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады.

          Осы тұрғыдан келгенде М.Монтессори әдістемесін біздің балабақшаға  енгізудің маңызы зор деп есептеймін.  Себебі біздің балабақшаға келетін балалардың  басым көпшілігі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан   ауыл балалары. Мұндай балалардың психологиясында  өз-өзіне деген сенімсіздік, тұйықтық пен  ұяңдық бар. Ал, М.Монтессори әдісінің мақсаты: балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу; өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру; балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.    

Бүгінгі таңда эксперименттік жұмыстың 4-кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына сай, М.Монтессори әдістемесін жасап, тәжірибеге енгізу, озық іс-тәжірибені насихаттау. Әлеуметтік  құзіреттілігі   қалыптасқан  балабақша  түлегінің   моделі  қалыптастыру мақсатында «М.Монтессоридің ғажайып әлемі» мектепке дейінгі ұйымдағы балаларға арналған бағдарлама негізінде әзірленген технологиялық карталар жинағын құрастырудамыз. Бұл жинақта балалалардың  жас ерекшеліктері  ескеріліп, жаңаша,  дәстүрден   тыс әдіс - тәсілдерді   қолдана  отырып,  баланың ақыл – ойын, таным процестерін, қимыл-қозғалысын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сондай-ақ, тәрбиелеудің жаңаша әдістері қарастырылған. Білім берудің «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық»  салалары бойынша М. Монтессоридің 5 аймағы сәйкестендірілген.

М.Монтессори   педагогикасын  этнопедагогикамен ұштастырудағы басты мақсат: қазақ халқының көне   тұрмыстық қажеттілігінде қолданылған   құралдармен  қатар, дәстүрін, ана  тілін  толық   меңгеріп, заман талабына сай өздігінен   шешім қабылдай алатын  ұлттық  сана сезімі дамыған, адамгершілігі мол, қабілетті жеке тұлға ретінде   қалыптасуына  мүмкіндік туғызу.  

    «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуде М.Монтессори педагогикасын пайдалану» кіші, орта, естияр жас топ балаларына арналған  жалпыға  білім беру   стандартына  сүйене  отырып   құрылған.           

          М.Монтессори әдістемесіндегі  тапсырмалар қазақи нақышта құрастырылған. Мысалы, М.Монтессори әдістемесі бойынша «Бауларды  өткізу» тапсырмасын «Өру түрлері» тапсырмасымен байланыстырылған; «Сипап сезу тақтайшасы»  мен   «Әйгерімнің сәукелесін әшекейлеу»,   «Ғажайып  оюлар», «Жүн  түту», «Құлыпты  модуль», «Қолды  білезік» пен Диірмен тарту» тақырыптарында тапсырмаларды балалар орындайды. М.Монтессори   құралдарымен  қатар  қазақи   нақыштағы  құралдар  күнделікті   оқу  қызметі  барысында   үнемі  қолданылады. М.Монтессори  педагогикасында  балалар   өз – өздерін  дамытады.

«М.Монтессоридің ғажайып әлемі» жинағы мектепке дейінгі ұйымдағы бағдарлама талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай әзірленген және балабақша педагогтарына арналған..  




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив