«АСТАНА» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ ЖАЗҒЫ- САУЫҚТЫРУ КЕЗЕҢІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Бекітемін
«Астана» бөбекжай-бақшасының
меңгерушісі Л.М.Джарылкапова
_________________
№5 Педагогикалық кеңес
«31» мамыр 2021 жыл
Жазғы сауықтыру кезеңіне арналған жұмыс жоспары
Мақсаты:
-балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау, жарқын әсерлермен байыту;
- баланың шынығып, денсаулығының нығаюы және ағзаның суық тию сырқаттарына қарсы тұру қабілеттілігінің арттыру;
- баланың қоршаған ортасында эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
- балалардың қарым-қатынаста белсенділігін, бастамашылдығын қолдау
арқылы өзіне деген сенімділігін нығайту;
-әдептілікке үйрету арқылы эстетикалық мәдениет қалыптастыру;
- экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда педагогтер мен ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
- Бөбекжай -бақшада COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дене тәрбиесі, шынықтыру, сауықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру.
Мазмұны | Мерзімі | Жауаптылар |
I кезең: Ұйымдастырушылық -ақпараттық | ||
Жазғы сауықтыру кезеңіне жағдай жасау | ||
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарының жобасын қарау және бекітуге ұсыну. | Мамыр | Меңгеруші Әдіскер |
Басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құжаттардың негізінде жазғы сауықтыру жұмыстарының жүргізілуін реттейтін локальді актілерді шығару (МДҰ бұйрығы): - жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарын бекіту; - жазғы кезеңге күн тәртібін енгізу туралы; - жазғы жұмыс жоспары бойынша жұмыс тобын ұйымдастыру туралы; -жазғы мәзір бойынша балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы. | Мамыр | Меңгеруші Әдіскер |
Қызметкерлерге нұсқау өткізу: -балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды ұйымдастыру; - балалар жарақатының алдын алу; - улы саңырауқұлақтар мен өсімдіктерден уланудың алдын алу; -жұмыс орнында еңбек және техника қауіпсіздігі талаптарын орындау; - күн тию және ыстық өту кезінде алғашқы көмек көрсету; - ішек инфекциясы мен тамақтан уланудың алдын-алу; -МДҰ ауласында, гүлзарларда, бау-бақшада балаларды еңбекке баулу кезіндегі қауіпсіздік ережелері; -бұқаралық шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері және пандемия кезіндегі шектеулерді сақтау туралы; -спорттық жаттығулар, ойындар мен жарыстарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары; - алғашқы жедел көмек көрсету. | Мамыр Маусым | Меңгеруші Әдіскер Медицина қызметкері (Келісімдері бойынша жергілікті санитариялық және төтенше жағдайларға қарсы қызмет бөлімдерінің мамандары шақырылады) |
Балаларға нұсқау өткізу: - жарақаттанудың алдын алу үшін қозғалыс қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру; - табиғатта серуендеу тәртібі туралы; -балабақша аумағында, аулада жүру ережесі. | Мамыр Маусым | Әдіскер Тәрбиешілер |
Балалармен жазғы кезеңдегі сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті әдістемелік, дидактикалық, әдеби, публистикалық ресурстар базасын жасау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, таныстыру мақсатында көрме ұйымдастыру | Мамыр | Әдіскер |
IIкезең. Әкімшілік –басқару бақылау | ||
Әкімшілік – шаруашылық жұмыстары 1) ауланы дайындау: - құм әкелу; - жолда жүру ережесі бойынша қалашық, жүгіру жолдары, қимыл-қозғалыс және спорт ойындарына арналған белгілер салу; - ойын алаңдарын дайындау; - жаздық шатырларды тазалау, әрлеу. 2) спорт алаңдарын дайындау: - құрал-жабдықтарды жаңарту, толықтыру (эксперименттік, танымдық, дене шынықтыру және т.б.); - қауіпсіздігін тексеру. | Мамыр-маусым | Меңгеруші Әдіскер Шаруашылық меңгерушісі |
Сауықтыру жұмыстарының жүргізілуін бақылау, мерекелік және көпшілік іс-шараларының ұйымдастырылуын қадағалау | Жаз бойы | Әдіскер |
Күні тәртібінің орындалуын бақылау | Жаз бойы | Әдіскер Медицина қызметкері Д/ш нұсқаушысы |
Назарға алынған бақылау:
| Маусым- Тамыз | Меңгеруші Әдіскер Медицина қызметкері |
Жедел бақылау:
| Маусым - Тамыз | Меңгеруші Әдіскер |
| ||
| Маусым- Шілде | Әдіскер Дене шынықтыру нұсқаушысы Медицина қызметкері |
Семинар: 1. «Жаздағы шынықтыру жүйесі» Семинар – практикум: 1. «Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес спорттық ойын түрлері және оларды ұйымдастыру талаптары, ерекшеліктері» 2. «Бейімделу кезеңін ұйымдастырудың әдістері мен нысандары» | Жаз бойы | Әдіскер Дене шынықтыру нұсқаушысы |
Қауіпсіздік шараларына байланысты ақпараттандыру жұмыстары 1. Ата-анарға арналған ақпараттық бұрыш ұйымдастыру - буклеттер; - инфографикалық ақпараттық парақшалар; - кітапшалар; - электрондық ақпарат көздеріне сілтеме. 2. Санитарлық бюллетендер шығару: - «Ішек жұқпасы»; - «Кене энцефалиті»; - «Ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау»; - «Көкөністер, жемістер. Дәрумендер». | Жаз бойы | Әдіскер Медицина қызметкері |
Педагогтердің сұранысы бойынша әдістемелік көмек, кеңес беру | Жаз бойы | Әдіскер |
Балалармен жүмыс | ||
«Алақай, жайдарлы жаз келді» жазғы-сауықтыру жұмыс жоспарының шеңберінде:
| Жаз бойы | Әдіскер, Педагог-психолог Тәрбиешілер Музыка жетекшісі Дене шынықтыру нұсқаушысы |
Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары | ||
Балалар денсаулығы мониторингі | Мамыр | Тәрбиешілер |
Білім беру салаларын кіріктіру арқылы балалардың белсенді қозғалысын ұйымдастыру | Жаз бойы | Тәрбиешілер Д/ш нұсқаушысы |
Жаттығулар:
| Жаз бойы | Тәрбиешілер Дене шынықтыру нұсқаушысы |
Антропометрикалық өлшемдерді жүргізу | жоспар бойынша | Медициналық қызметкер |
1. Спорттық ойын, жарыстар: - спорттық ойындар; - спорт жарыстары; - эстафеталар. 2. Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған ситуациялық ойындар. 3. Спорт мерекелері. 4. Мерекелер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыру кезінде спорттық сайыстар өткізу (мүмкіндігінше таза ауада). | Жаз бойы | МДҰ меңгерушісі, Дене шынықтыру нұсқаушысы Музыка жетекшісі Тәрбиешілер |
Шынықтыру жүйесіне сәйкес әзірленген күні бойы шынығу: - дозаланған күн ванналары; суға шомылу; массаж жолдарымен жаяу жүру, өзіне массаж жасау, ауа ванналары, терезені ашып қойып ұйықтату); -ауызды және тамақты шаю; - ауыз-су режимі; - ауқымды жуыну; - аяқты шаю; - тыныс алу жаттығулары. | Жаз бойы | Тәрбиешілер |
Арнайы жаттығулар:
| Жаз бойы | Дене шынықтыру нұсқаушысы Тәрбиешілер |
Балалармен әңгімелесу:
| Жаз бойы | Медициналық қызметкер |
Серуенде балалардың физикалық денсаулығын нығайту үшін жеке және шағын топтарда ірі моториканы дамытуға арналған жаттығулар жасау | Жаз бойы | Д/ш нұсқаушысы Тәрбиешілер |
Күнделікті тағамдарды дәрумендендіру | Жаз бойы | Медицина қызметкері Бас аспаз |
Ата-аналармен жұмыс | ||
- ата-аналармен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында«жаз мезгіліндегі балаларды сауықтыру» тақырыбында сауалнама жүргізу; - ата-аналармен күнделікті пікірлесіп, ақпарат алмасу; - жазғы кезеңде бала ағзасын сауықтыру туралы ақпаратқа ата-ананың қолжетімділігін қамтамасыз ету (ауызша, сілтеме арқылы электронды нұсқада, ата-аналарға арналған ақпараттық бұрышта); - іс-шараларды өткізуге ата-аналарды тарту (модель 48-51 т.). | мамыр, маусым, шілде | Әдіскер Тәрбиешілер |
Жаз бойы | Тәрбиешілер | |
Қорытынды: Жазғы сауықтыру жұмыстарын талдау | ||
Жазғы сауықтыру шараларының аяғында балалармен кері байланыс өткізу | Тамыз | Тәрбиешілер |
Жазғы сауықтыру шараларының аяғында ата-аналармен кері байланыс өткізу | Тамыз | Тәрбиешілер |
Денсаулық мониторингі | Тамыз | Тәрбиеші, медицина қызметкері |
«Жазғы сауықтыру кезеңін педагогикалық кеңесте қорытындылау | Тамыз | МДҰ меңгерушісі Әдіскер |
Орындаған: әдіскер Садырова А.
медбике Абдуллаева Р.