Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің І тоқсанға жұмыс жоспары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы
білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің хаттамасы
Өткізілген күні: _______________ жыл
Қатысқандар – жалпы ұжым
Күн тәртібінде:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер.
Тыңдалды: меңгеруші Л.Джарылкапова – сөз алып, ұжым қызметкерлерін күн тәртібіндегі қаралатын мәселемен таныстырды және осы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу отырғанын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, аталған заң аясында жемқорлық әрекеті үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы айтып өтті. Сонымен қатар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамадан туындайтын міндеттер туралы кеңінен айтылды. Тұжырымдама парасатты қоғамды қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын, бюджеттік процесстердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге бағытталған алты негізгі блокты көздейді. Осы тұжырымдамадан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру баршаға ортақ міндет екенін айтты. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмысының негізгі мақсаты мекеменің және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Жиналыс барысында сөз алған кәсіподақ төрайымы А.Жоланова «Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес», - дей келе, Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, зардаптарын жою, қоғам игілігі үшін қызмет ету әр азаматтың міндеті екенін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Тыңдалды: меңгеруші Л.Джарылкапова өз сөзінде - ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы. Осыған бастайтын бір жол – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақтылаған 10 маңызды бағыттың бірінде «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп белгіледі деп айтып, ұжымда бірге ат салысу біздің міндетіміз деп, сөзін аяқтады.
Шешімі:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жұмыстары басты назарда болсын.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарына сәйкес іс-шараларды өткізу жалғастырылсын.
https://m.facebook.com
«Астана» бөбекжай-бақшасыны
меңгерушісі: Л.Джарылкапова
Хатшы: И.Аткенова
Бекітемін
«Астана» бөбекжай-бақшасының
меңгерушісі Л.Джарылкапова
__________________
«__» _____2022 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы
білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің хаттамасы
Өткізілген күні: _______________жыл
Қатысқандар – жалпы ұжым
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:
Мүшелері:
Күн тәртібінде:
- Мекеменің басты жұмыстары, бюджеттің игерілуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралар.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша меңгеруші Л.Джарылкапова сөз алып қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырып өтті. Өз сөзінде ол мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жауапты қызметкер тағайындалғанын айтты және жоспар құрылып жұмыстар жүргізілуде деді. Қазіргі кезде мекемедегі мемлекеттік сатып алу қызметі тек портал бойынша жүргізіледі дей келе бюжеттің игерілуі бойынша мекеменің есепшісі есеп беретінін айтты.
Тыңдалды: мекеменің есепшісі Л.Чайнусова мекемедегі бюджеттің игерілуі бойынша есеп берді. Есеп беру барысында мекеменің қаржылық есебі күнтізбенің бірінші қаңтарынан бастап 30-шілдеге дейінгі уақыт қаржы көзі: мемлекеттік бюджеттен түсетін түсім қаражаттар, яғни мемлекеттен әр специфика бойынша қаражат бөлінеді. Жыл бойы бұл қаражаттар тиімді игерілуде. Сонымен қатар ата-аналардан қазіргі уақытта қолма- қол төлемақы жүргізілмейді, тек банк арқылы жасалынады. Мемелекеттік сатып алу қызметтері портал бойынша жүргізіледі. Бөбекжай-бақшаның негізгі қаражаттары мен мүліктеріне жыл сайын тексеру санақ, түгендеу жұмыстары жүргізіліп отырады және аудандық білім бөлімі тарапынан негізгі қаражаттар қадағаланып отырады,- деді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып тиісті жауап алды.
«Астана» бөбекжай-бақшасының
меңгерушісі Л.Джарылкапова:
Хатшы:
Бекітемін
«Астана» бөбекжай-бақшасының
меңгерушісі Л.Джарылкапова
__________________
«__» _____2022 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы
білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің хаттамасы
Өткізілген күні: __________________жыл
Қатысқандар – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қызметкерлер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелері:
Кеңес төрайымы –Л.Джарылкапова - меңгеруші
А.Садырова – әдіскер
Мүшелері: С.Жанысбаева - қамқоршылық кеңестің төрайымы
А.Жоланова – кәсіподақ ұйымының төрайымы
И.Аткенова - педагог-психолог, хатшы
Күн тәртібінде:
Басшылық құрам және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын
қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдау
Тыңдалды: меңгеруші Л.Джарылкапова – сөз алып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қызметкерлер мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелерін күн тәртібіндегі қаралатын мәселемен таныстырды және түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырғанын айтты.
Мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат беру қызметтерін көрсету кезінде:
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
- қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;
- қарастырылмаған құжаттарды сұратып алуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет пен басқа да рұқсат беру функцияларын көрсету барысында әртүрлі әуре-сарсаңнан (салғырттықтан) аулақ болу;