12
октябрь
2022
"Менің отбасым" шығармашылық байқау
"Менің отбасым" байқауы
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Тілдер күні қарсаңында балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен "Менің отбасым" атты шығармашылық байқау өтті. Байқауда "Астана" бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі 5 жасар Қази Үміт Нұрланқызы, жетекшісі Алтыбаева Нурсулу Талгатовна І дәрежелі дипломмен марапатталды. Біздің мақсатымыз балалармен достық, мейірімділік қарым-қатынас орнату арқылы Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларына баулу. Ұйымдастырылған іс-шараларға балалар мен ата-аналарды тарта отырып, педагогтердің шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету, кәсіби құзыреттілігін көтеру нәтижесінде балабақшаны заманауи деңгейге жеткізу.

