24
декабрь
2021
"АСТАНА" БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ
БАЛАНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП, ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ БӘРІМІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ.
Кез келген мектепке дейінгі мекеменің басты міндеттерінің бірі-балалардың денсаулығын нығайтып, өмірін қорғау болып табылады. Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көп көңіл бөліп, ұрпағымыздың денсаулығы мен амандығын тілеген.Денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты.
Бала 2-3 жастан бастап балабақшаға барады. Балалар бақшада күн ұзақ болып, көптеген уақытын осы «екінші үйінде» өткізеді. Тәрбие мен білім алады, өседі-өнеді, денсаулығын нығайтады.
Білім беру ұйымдарында аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту, дене тәрбиесін жетілдіру, тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтына жағдай жасау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіледі.
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
Балалардың денсаулығын қалыптастыратын қолайлы және қолайсыз факторлар болады. Атап айтқанда:
1. Қолайлы факторлар:
· а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;
· б) шынығу;
· в) дұрыс тамақтану;
· г) рационалды күн тәртібі;
· д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
· е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
2. Қолайсыз факторлар ("қауіптілік" факторлары):
· а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
· б) тәрбие мен білім беру процестерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
· в) ойын, оқу және еңбек әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
· г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
· д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
· е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
Денсаулық- табиғаттың берген құнды байлығы, оны бастапқы күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі керек.
Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы, бітімі үйлесімді, әрі сымбатты келеді және ауа-райының кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде серуендей алады.
Шынықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.Үзу немесе тоқтату салдарынан организмді шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу реакциялары жойылады.Сондықтан да,шынықтырудың жүйелілігі, яғни шынықтыру әрекеттері күнделікті кез келген мезгілде жүргізілуі тиіс.
«Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне»,- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев жырларынан баланың амандығы еліміздің тыныштығына байланысты айтылғанын байқауға болады. Балабақшадағы балалардың өміріне тікелей тәрбиешілер жауапты болып саналады.
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған нұсқау.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
1. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқау
балабақшаның барлық тәрбиешілері орындауы үшін міндетті болып
саналады.
2.Тәрбиешілер балалардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапкершілікке ие.
3. Тәрбиешілер барлық күн тәртібі сәттерінде балаға бақылау жасайды.
4. Жараққатты болудың алдын алуға тиіс.
5. Балабақша бөлмелерінде қозғалу кезінде, балабақша аумағынан тыс жерде, сондай-ақ техникалық оқыту құралдарын пайдалану
кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балаларды балабақша аумағынан тыс жерге жібермеу керек.
6. Бала өз бетінше кетіп қалған жағдайда, тәрбиеші бұл туралы әкімшілікке хабар беріп, оны жедел іздестіруді ұйымдастыруға тиісті.
7. Балаларды үйге жалғыз жіберуге, бөтен адамдармен, мас адамдар қолына беруге тыйым салынады .
8. Ата-анасымен алдын ала баланы жетуге сенім білдірген
адамғ асенімхат рәсімдеу, оған ата-анасы мен сенім білдірген адамның қолы қойылған болуы тиіс.
9. Балалармен оқу қызметін өткізукезіндеқауіпсіздіктехникасынсақтау , олардықауіпсіздікеңбекәдістерін үйрету.
10.Оқу қызметінде сіреңке мен басқа да қауіпті материалдарды пайдаланбау.
11.Учаскелерде, топтарда, дәліздер мен
баспалдақ алаңдарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы балаларға ұдайы нұсқау беру.
12.Серуендеу кезінде балаларды топқа жалғыз жібермеу керек.
13.Үнемі балалармен бірге болу қажет.