Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Астана» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7 (72637)4000
+77766034646
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2023

«Отбасы-өмір аясы» тренинг

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Отбасы-өмір аясы» атты тренингке  қош келдіңіздер! 

Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

 Баланы бастан бақпасаң,

 Жамандықтан қақпасаң.

 Қадірден жұрдай қасқа боп,

 Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.

  1. Нейрожаттығу арқылы  кіру.

2.  «Отбасы суреті» әдістемесі

     3. Тренинг «Сиқырлы қоржын»

     Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.


1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....

3. Мен ренжимін, егер....

4. Мен қуаныштымын, себебі.....

5. Баланы үнемі қолдап отырса.....

6. Мен үшін бақыт деген.....

7. Отбасының қорғаны кім?

8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз? 

9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)

10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ)

11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз? 

12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз

13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс – әрекетіңіз


5. Ұлттық құндылықтарымызды ұғындыр

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________

Ең қымбатты _____________________________________________ 

*Ең ақылды _______________________________________________ 

*Ең сүйкімді ______________________________________________ 

*Ең құрметті ______________________________________________ 

*Ең құнды ________________________________________________

* Ең бағалы ________________________________________________

* Ең қажет-------------------------------------------------------------------------

4.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

2. Сізге тәрбиешілерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 

3. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5 . Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, бақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

6.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Еркелігі есті кетіретіндей  қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

7. Ата-аналарға кеңес

Есте сақтаңыз: 

      Баланың еріктік және адамгершілік қасиеттерін сіз қалыптастырасыз. Оның мінезі, талғамы, ақыл-парасаты, білім аясы, қызығушылық әлемі, дағдылары мен әдеттері, мінез артықшылығы мен кемшілігі сізге байланысты. Жақсы қасиеттер балаға ақыл үйретумен, тыйым салумен, жазалау мен қорқытумен емес, әкесі мен анасының үлгілі өмірлік тәжірибесімен, отбасы ошағының жылуы мен жақсылық арқылы беріледі.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив