Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Астана» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7 (72637)4000
+77766034646
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Логопед лауазымына конкурс жариялау
06
апрель
2023

Логопед лауазымына конкурс жариялау

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің бос тұрған логопед  лауазымына конкурс 

жариялау туралы 

ХАБАРЛАНДЫРУ


      Байзақ ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасының логопед  лауазымына (1 бірлік) конкурс жариялайды.
 Сарыкемер ауылы, Саяхат көшесі № 40, анықтама үшін телефоны 8(726 37) 4-00-00.
 
 

Мектепке дейінгі мекеменің атауы: Байзақ ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Саяхат көшесі № 40. 

Электрондық поштасы: baizak.astana2013@yandex.kz.

Пошталық индексі: 080100
 
Логопед қызметкерінің лауазымдық міндеттері:   мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардың арнаулы педагогі үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

      даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

       мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

      басқа педагогтермен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

       тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орт

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде әлеуметтік педагогтердің кәсіби қоғамдастығы желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.

      Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық әлеуметтік желілердің ресми ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды Сарыкемер ауылы, Саяхат көшесі №40 үйде орналасқан «Астана» бөбекжай-бақшасына өткізеді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде, ұйымға қолма-қол немесе электоронды пошта арқылы ұсынады.

Құжаттар:
      1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
     
     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
     
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
     
    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
     
   5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
     
   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
     
      7) психоневрологиялық  ұйымнан анықтама;
     
     8) наркологиялық  ұйымнан анықтама;
     
 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының,  педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
     
    10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған  Бағалау парағы.
         Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
         Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі материалдарды ұсынуға құқылы.
          Конкурс І кезеңде өткізіледі:

конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;


 Лауазымдық жалақысы
 Санаты
 Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты
 150 000 мың теңгеден- 190 000 мың теңгеге дейін
 Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру,ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.
           Конкурстың өтетін күні: 20.04.2023 жылы, сағат 14:00
          Конкурстың өтетін орны: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Астана» бөбекжай-бақшасы,  Саяхат  көшесі  №40
 
 

Электрондық пошта: baizak.astana2013@yandex.kz

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив