Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Астана» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7 (72637)4000
+77766034646
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2023

Тренинг

Тренинг 

Мақсаты: тәрбиешілерге жағымды көңіл – күй сыйлап ортада психологиялық ахуал тудыру. Ұжымдасып жұмыс істеуге мүмкіндік беру.

Әдіс – тәсілдер: ойын, сұрақ – жауап және т.б

Барысы: 

    Құрметті қатысушылар қайырлы күн баршаңызға! 

  • «Күн сәулесі»

Педагогикалық шеберлік психологиялық дайындықтан басталады.

Ал, психологиялық дайын болу үшін  ортаға келіп  күннен және бір – бірімізден қуат алайық. Мына шарды жарып оның ішінен шыққан күннің шуағын алып әрбір шашылған күннің сәулесінде жазылған сөздерді дауыстап оқиық.  

  • «Мұнара»

 «Егер естісең  ұмытасың, көрсең  есіңде  қалады, ал  өзің  жасасаң   түсінесің» демекші балаларды ойнату арқылы дамытуды өз басымыздан өткізіп, баланың рөліне еніп көрейік. Олай болса ойнай отырып, ойлайық!

    Құрметті тренингке қатысушылар біздің бүгінгі ойнайтын екінші тапсырмамыз «Мұнара» деп аталады. Мына партаның үстінде  бос пластикалық стакандар мен резеңке және жіп бар резеңке мен жіптің көмегімен стакандардан мұнара  құрастыруларыңыз  керек. 

    Мұнара құрастырып болсаңыздар, тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Сіздерге ұнады ма ? ұнаса несімен ұнады?

  • «Құбыр» 

    Құрметті әріптестер ертеде суды адамдар шелектеп тасып көп күш жұмсап ұзақ уақытын кетірген, алайда ғылым дамып қоғам жаңарып күннен – күнге адамдар даму үстінде. Сол секілді тәрбиешілер де баланы тәрбиелеп, білім беріп, дамыту үшін үнемі ізденісте болуы керек. Бұл  ойынның шарты алдарыңыздағы ақ парақтан барлықтарыңыз бірігіп құбыр жасауларыңыз керек.   

    Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар немесе ерекшеліктер болды? Бұл ойын сіздерге ұнады ма?

Кері байланыс

Бүгінгі психологиялық тренингтен алған әсеріңіз?

Бүгінгі ойнаған ойын барысында қандай ой түйдіңіз?

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив