Қыс қызығы
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Қыс қызығы»
Мақсаты: Қыс мезгілі, қысқы ойындар, қысқы табиғат, қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету. Градтаж техникасын меңгерту.
Қолданылған әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап, топпен, триз, тірек-сызба, тәжірибелік, көрнекілік, ойын, сөздік, слайд арқылы әңгіме құрау.
Көрнекіліктері: «Таңғажайып алаңы» ойыны, суреттер, мұз, бояу, сүлгі.
Амандасу (Қайырлы күн, сәлеметсіз бе?, хош келдіңіздер, төрлетіңіздер)
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман –есен болайық!
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?
Иә білемін, айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.
Қыста ауа-райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.
Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.
Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.
Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.
Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.
Ойын тапсырмалар
Балалар сендеге қонаққа қоян көжегімен келді.
№1 тапсырма
Қоянның көжегіне пішіндерді түсі мен түпіне қарай орналастыруды үйрету.
№2 тапсырма
Қант пен тұздың ерекшелігін тәжірибе арқылы көрсету.
Балаларға қоян жұмбақ жасырады.
Аяғы жоқ, қолы жоқ.
Ол не? (мұз)
Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»
№3 тапсырма
Мұзды желім жағылған картон бетіне тұздың көмегімен өрнек жасау.
№4 тапсырма
Қоянның көжегіне тыныс алу жаттығуы арқылы боранды, түтікшемен шыршаны жасап беру.
Қоянды көжегімен музыка арқылы орманға шығарып саламыз.
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Біз не үйрендік?
Сендерге ұнады ма?
Кімге не ұнады?
Рахмет сендер, өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.
Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Қысқы ойындар қандай? Тамаша.!
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайликтер береді)
Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!