Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Астана» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7 (72637)4000
+77766034646
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2024

Конкурс жариялау туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің бос тұрған уақытша тәрбиеші  лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" сайтына жарияланды

Конкурсқа құжат қабылдау 02 ақпан  мен 12  ақпан  аралығында өтеді.

Конкурс төмендегідей уақытша бос орынға жүргізіледі:

1 бірлік  -тәрбиеші   лауазымына  (уақытша бос орын);

Конкурс өткізілетін орын:

Мекен-жайы: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы,  Саяхат  көшесі  №40 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы МКҚК ғимараты
 Электрондық пошта: 
baizak.astana2013@yandex.kz

Анықтама үшін байланыс телефоны: 4-00-00. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 9:00-18:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама 

 8) наркологиялық  ұйымнан анықтама;
     
 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының,  педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
     
    10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған  Бағалау парағы.
         Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
 
 

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру,ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.
           Конкурстың өтетін күні: 19.02.2024 жылы, сағат 15:00.
  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив