18
октябрь
2023
"Бөбекжай-бақшаға саяхат"
2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында "Астана" бөбекжай- бақшасының жанынан кеңес беру пункті құрылып, кеңес беру пунктінде жұмыс жасайтың мамандар меңгерушінің бұйрығымен бекітілді. Балабақшамен қамтылмаған балалардың тізімі жасақталып ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарды және балаларды бөбекжай-бақша өмірімен таныстыру мақсатында "Бөбекжай-бақшаға саяхат" тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізіліп,педагог-психолог маманы кеңес берді. 
