01
февраль
2023
Қуыршақ Әйгерім бізде қонақта
01.02.2023 жылы тәрбиеші Жумабекова Калдыкуль Калдарбековна «Қонжық» кіші тобының балаларының танымын, шығармашылығын дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұжым болып жұмыс істеуге үйрету мақсатында «Қуыршақ Әйгерім бізде қонақта!» тақырыбында түрлі – түсті шарлар, түрлі – түсті ыдыстар, ойындарға қажетті құралдарды пайдалана отырып ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Ал, балалар тұрайық, ойын ойнап қалайық.
Күтпеген сәт: Қуыршақ Айгерім жылап келеді.
Қуыршақ Айгерім: балалар сендер қандай сүйкімдісіңдер, ал менің көйлегім жыртылып қалып қонаққа бара алмай көңіл күйім болмай тұр.
Тәрбиеші: Қуыршақ Айгерім сен мұңайма біздің балалар саған көмектесіп, көйлегіңді жамап береміз.
Балалар, алдарыңда тұрған түрлі – түсті пішіндермен қуыршақтың көйлегін жамап берейік.
Тәрбиеші: балалар, жарайсыңдар бұл тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар, қараңдаршы қуыршақ Әйгерімнің көңіл күйі көтеріліп, бізбен ойын ойнағысы келіп тұр. Ендеше, «Түрлі – түсті доптар» ойынын ойнайық.
Балалар, қараңдаршы алдымызда түрлі – түсті доптар шашылып жатыр, осы түрлі – түсті доптарды түсіне қарай ыдыстардың бетіне қойып шығамыз. Балалар, жарайсыңдар сендердің қуыршаққа ойындарың ұнады. Енді бойымызды бір сергітіп алайық.
Қуыршақ Әйгерім: Балалар сендерге көп рақмет. Менің көйлегімді жамап, көңіл күйімді көтердіңдер. Енді менің қонаққа баратын уақытым келді. Сендерге көп рақмет, сау болыңдар!
Тәрбиеші: ал, енді балалар алдымызда тұрған ыдысты түтікшенің көмегімен үрлейік. Бұл жаттығудың біздің тыныс алуымызға көп пайдасы бар екен. Балалар, мына түтікшені үрлеген кезде саусақтардан түрлі түстер пайда болды. Түстерін атап өтейікші: қызыл, сары, жасыл.
Кері байланыс: жарайсыңдар балалар, ойындар ұнады ма?