31
декабрь
2022
БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ
2022 жылдың желтоқсан айының 27-30 күндері аралығында "Астана" бөбекжай-бақшасында "Қуант бізді Жаңа жыл!" тақырыбында ертеңгіліктер өткізілді. Жаңа жыл мерекесінің бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктері, қызығушылықтары ескеріліп, ертегілерді сахналау, үйренген өлең-тақпақтар, ән айтып, би билеу, түрлі ұлттық, қимылды ойындары орындалды. Мереке әсем безендірілген музыка залында өтті. Мерекені ұйымдастырған тәрбиешілер мен музыка жетекшілері балалар мен ата-аналарға қуаныш, керемет көңіл-күй сыйлады.







