21
май
2026
"Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы аудандық байқау"
Аудан көлемінде ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» байқауына бөбекжай-бақшамыздың тәжірибелі тәрбиешісі Жатқанбаева Салима Пернебековна қатысып, өзінің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық жетістіктерін жоғары деңгейде таныстырды. Байқау барысында инновациялық іс-тәжірибесімен бөлісіп, заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдана білетіндігін көрсетті. Өзінің шығармашылық ізденісі мен еңбегінің нәтижесінде жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
