---
«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН – СПОРТ СҮЙЕР ЖАНҰЯ!» Отбасылық спорттық сайыс
«Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспары аясында бөбекжай-бақшамызда «ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН – СПОРТ СҮЙЕР ЖАНҰЯ!» атты отбасылық эстафеталық спорттық сайыс өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықты, татулықты және ұйымшылдықты нығайту, ата-аналар мен балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Сайысқа ересек «Құлпынай», «Құлыншақ», «Балапан», «Қонжық» топтарының ата-аналары балаларымен бірге белсене қатысты.