Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Астана» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басшы:
+7 (72637)4000
+77766034646
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әжелер мектебі"
22
ноябрь
2024
"Әжелер мектебі"
"Астана" бөбекжай-балабақшасының "Әжелер мектебі" жоспарына сәйкес "Әжемнің ертегісі" атты танымдық сағатында “Ақжелкен " мектепалды тобы балаларымен "Бір үзім нан" ертегісін әжеміз айтып берді. Міндеті: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын  айта отырып,ертегі айту арқылы балаларды еңбекке баулу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. #біртұтас_тәрбие_жамбыл @jambyl_obl_oqu_adistemelik_ort zhambyl_obl_oqu_adistemelik_ort @doshkola_kz
Ойын әрекеті
22
ноябрь
2024
Ойын әрекеті
Ашық ойын әрекеті. Тақырыбы: "Нан дастарханға қалай келеді?" Мақсаты: Балаларға нанның дастарғанға келу жолдарын кезең кезеңімен көрсету. Бидайдың егілу, өсу және піскен түрімен таныстыру. Диірмен түрлерін айтып, қол диірменімен жұмыс жасату. Ұннан нанның қалай жасалатынын көрсету. Тәрбиеші: Абдешова Диляра Бисеновна
Ойын әрекеті
21
ноябрь
2024
Ойын әрекеті
"Бәйтерек" ересек тобы Ойын әрекеті. Тақырыбы."Өрттен абай бол"  Мақсаты.Балаларға оттың біздің өмірімізде қалай пайдаланатыны туралы түсіндіру, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген оттың пайдалы және зиянды жақтарын түсіндіре отырып ,қауіпсіздікті сақтауға үйрету.Жылдамдыққа ,шапшаңдыққа үйрету ,өрт шыққан жағдайда қалай қорғану керектігін көрсетіп үйрету. Тәрбиеші: Кураишова Гүлзира Сарсенбекқызы #Біртұтас_тәрбие_Жамбыл
Ойын әрекеті
21
ноябрь
2024
Ойын әрекеті
"Балапан" ортаңғы топ Ойын әрекеті: Тақырыбы: "Сиқырлы пішіндер" Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету.  Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету.Ой қабілеттерін дамыту. Тәрбиеші: Разиева Самал Кадирмановна #Біртұтас_тәрбие_Жамбыл
"Аналар мектебі"
15
ноябрь
2024
"Аналар мектебі"
“Астана” бөбекжай - бақшасының “Аналар мектебі” және “Біртұтас тәрбие” жоспарына сәйкес “Ана мен қыз” тақырыбында “Ақжелкен” мектепалды топ тәрбиеленушілері мен аналарымен өткен іс - шара. Мақсаты:Қоғам мен отбасының өзара ықпалдастығының жаңа нысандарын дамыту, мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік мәртебесі мен рөлін арттыру. Музыка жетекшісі: Садирмекова Айман Бекназарқызы Тәрбиеші: Оршабекова Айсулу Амантайқызы #біртұтас_тәрбие_жамбыл @jambyl_obl_oqu_adistemelik_ort @doshkola_kz
Менің сүйікті ертегім
14
ноябрь
2024
Менің сүйікті ертегім
Тақырыбы :Менің сүйікті ертегім , " Үйшік " орыс халық ертегісі ертегінің мазмұнын түсіндіру қуршақ театр  арқылы сахналауға үйрету  мейрімділіке қамқорлыққа қайырымдылыққа тәрбиелеу
Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы
13
ноябрь
2024
Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы
Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысының  №2 хаттамасы «Астана» бөбекжай-бақшасы 13.11.2024 ж.                                                                  Қатысқандар -148ата-ана Себеппен келмегендер -132 ата-ана Жиналысқа қатысқандар: «Астана» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі - ДжарылкаповаЛ.М. «Астана» бөбекжай-бақшасының медбикесі - СүйеуоваН.Б. «Астана» бөбекжай-бақшасының психологі -ДжетибаеваН.С. Күн тәртібінде: 1.«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ 29.10.2024 жылғы
Ойын әрекеті
04
ноябрь
2024
Ойын әрекеті
" Қонжық" ортаңғы топ Тақырыбы:"Кузгі жапырақтар". Мақсаты:Балаларға  бірлесе отырып жапырақтардың бейнесін  салуды үйрету.Саусақ маторикасын дамыту. Тәрбиеші:Олжабекова Зура Жанабекқызы
Ойын әрекеті
01
ноябрь
2024
Ойын әрекеті
Тақырыбы: "Дыбыстар әлемі" Мақсаты: Дыбыстар туралы түсінігін кеңейту, тілдік емес дыбыстарды ажырату, сөздік қорын молайту, ауызша байланыстыра сөйлеу тілін дамыту. Артикуляциялық моториканы дамыту мен дыбыстарды ажырату қабілеттілігін арттыру.Логопед:Қанат Алтынай Алдиярқызы
Ойын әрекеті
31
октябрь
2024
Ойын әрекеті
" Қонжық" ортаңғы топ Тақырыбы: "Ұлттық ою-өрнектер,ойындар" Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ұлттық салт дәстүрімізді құрметтеп,елін,жерін Отанын сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.Қазақтың ұлттық бұйымдары,ою-өрнектері туралы мағлұмат беру. Тәрбиеші:Тулепова Құралай Қгрманғазықызы #Біртұтас_тәрбие_Жамбыл