19 НАУРЫЗ "ЖАҢАРУ КҮНІ"
Наурыз — ежелден тазару мен жаңару мейрамы. 19 наурыз — жаңару күні. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылған болатын. Сонымен қатар, еліміздің әр түкпірінде түрлі шара өткізілмек. Жалпы, Наурыз мерекесінде ағаш егу, үй-жайды тазарту, бұлақ көзін ашу сияқты жұмыстар атқарылғаны белгілі. Бұл — жаңа жылға, жаңа күнге жаңарып, тазарып қадам басу дегенді білдірген болса керек.